Relacionar Columnas Игра - сопоставитьVersión en línea Пословицы и его значение por Сұрақтар базасы 1 Тіл – қылыштан өткір. 2 Жақсы сөз – жарым ырыс. 3 Жығылғанға – жұдырық. 4 Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. 5 Ақыл жастан, маржан тастан. 6 Адам болар баланың сөйлегенінен белгілі. 7 Өнер алды – қызыл тіл. 8 Сөз сүйектен өтеді. 9 Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. 10 Жаман айтпай жақсы жоқ. Ауыздан шыққан сөз адамға қатты әсер етеді. Ең үлкен, ең бағалы өнер – шешендік, дұрыс сөйлеу. Әзілдеп сөйлесең де, әр сөзіңе жауапкершілікпен қара. Ақылды, дұрыс ойлы болу жасқа қарамай келеді. Жылы, жағымды сөз жақсылық пен береке әкеледі. Баланың мінезі мен болашағы оның сөзінен көрінеді. Сөз адамның жүрегіне қатты тиеді, ауыр әсер қалдырады. Сөз адамның жанын да, көңілін де қатты жаралауы мүмкін. Теріс сөздің айтылуы адамды сақ болуға шақырады. Қиындыққа тап болған адамға тағы да қиындық үстеледі.