Crear
Descargar
Obtener Plan Académico
Compartir juego
Presentación
Presentación

Буллинг

Intégralo en tu plataforma

Puedes integrar el juego en un LMS compatible con LTI 1.1 o LTI 1.3 como Canvas, Moodle, o Blackboard. De esta manera podrás guardar las puntuaciones automáticamente en el libro de calificaciones de esa plataforma.
Descargar
Has superado el número máximo de juegos que puedes integrar en Google Classroom con tu Plan actual.

Para integrar tantos juegos como quieras en Google Classroom, necesitas un Plan Académico o un Plan Comercial.

Has superado el número máximo de juegos que puedes integrar en Microsoft Teams con tu Plan actual.

Para integrar tantos juegos como quieras en Microsoft Teams, necesitas un Plan Académico o un Plan Comercial.

La descarga de juegos es una característica exclusiva para usuarios con un Plan Académico o un Plan Comercial.

Obtén ahora tu Plan Académico o Comercial y comienza a integrar tus juegos en tu LMS, web o blog.

Si lo deseas, puedes descargar un juego de prueba aquí y probar su integración:

Буллинг

Presentación

Jugadas 5

Sobre esta actividad

Жағдаят

Creada por

Kazajstán

Descarga la versión para jugar en papel

Crea tu propio juego gratis desde nuestro creador de juegos
Compite contra tus amigos para ver quien consigue la mejor puntuación en esta actividad

Top juegos

%
Anónimo
Anónimo
%
%
%
Has superado el número máximo de juegos que puedes imprimir con tu Plan actual.

Para imprimir tantos juegos como quieras, necesitas un Plan Académico o un Plan Comercial.

Imprime tu juego
Буллинг
 

БуллингVersión en línea

Жағдаят

por Ayajan
1

1 жағдаят

Мектепте бір оқушы — Нұрбек — сабақты жақсы оқиды, үнемі мұғалімнің сұрақтарына дұрыс жауап береді. Бірақ кейбір сыныптастары оны "оқымысты", "шөпжелке" деп мазақ қылады. Олар арнайы топ құрып, Нұрбекті сабақтан тыс уақытта әдейі шеттетеді: футбол ойнауға шақырмайды, топтық жұмыстарда бірге жұмыс істегісі келмейді. Әлеуметтік желіде де Нұрбек туралы күлкілі мемдер таратады.

Тапсырма:

  • Бұл қандай буллинг түрлері?
  • Нұрбек қандай сезімде болуы мүмкін?
  • Бұл жағдайды шешудің дұрыс жолдары қандай?
  • Егер сен куәгер болсаң, не істер едің?


2

2 жағдаят

Сыныпта екі бала, Асқар мен Бекзат, үнемі "әзілдеп" бір қызды — Әселді мазақтайды: түріне, киіміне, сөйлеуіне қатысты ескертулер айтады. Олар өздерін ақтап: "Біз жай қалжыңдап жатырмыз!" дейді. Бірақ Әсел жиі жылайды, өзін жаман сезінеді, мектепке келгісі келмейді. Мұғалім бұл жағдайды байқайды.

Тапсырма:

  • Әзіл мен буллингтің айырмашылығы неде?
  • Бұл жағдайды қалай дұрыс шешуге болады?
  • Мұғалім қандай әрекет жасауы керек?
  • Асқар мен Бекзатқа қандай түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс?


3

3 жағдаят

7-сыныпта жаңа оқушы — Дильназ — басқа мектептен ауысып келді. Ол бастапқыда барынша ашық болуға тырысқанымен, кейбір сыныптастарынан "қаланың қызы", "өзінше", "сәлемдеспейді" деген сөздер ести бастайды. Бірте-бірте қыздар тобы оны чаттан шығарып тастайды, ешқайда бірге шақырмайды. Сабақта оның айтқан пікірін елемей, мазақтап күлетіндер де бар.

Дильназ ешкімге шағымданбайды, бірақ сабақта сөйлеспейді, үнемі жалғыз жүреді, жиі жылайды. Мұғалім мен ата-аналар бұл өзгерісті байқамайды.

Тапсырма:

  • Бұл қандай буллинг? Қандай белгілері бар?
  • Құрбан неге үнсіз? Ол неге ешкімге айтпайды?
  • Оған қалай көмектесу керек?
  • Бұл жағдай қайталанбас үшін сыныпта қандай жұмыстар жүргізілуі керек?


4

4 жағдаят

"Буллингті таны және әрекет ет"

  • Оқушыларға әртүрлі өмірлік жағдайларды сипаттайтын қысқа сөйлем беріледі.
  • Бұл буллинг пе, жоқ па — соны анықтайды.
  • Егер буллинг болса, қандай түріне жатады?
  • Осындай жағдайда не істеу керек екенін ұсынады.
  • Бір оқушыға сыныптастары "сен ақымақсың" деп күнде айтады.
  • Бір оқушының суретін әлеуметтік желіге салып, мазақ етеді.
  • Достар тобы бір баланы ойынға қоспайды.
5

5 жағдаят

Неліктен кейбір оқушылар буллингке қатысқанымен, оны "ойын" немесе "әзіл" деп қабылдайды? Бұл олардың жауапкершілігін жеңілдете ме, әлде жағдайды ауырлата ма?

6

6 сұрақ

Неліктен кейбір оқушылар буллингке қатысқанымен, оны "ойын" немесе "әзіл" деп қабылдайды? Бұл олардың жауапкершілігін жеңілдете ме, әлде жағдайды ауырлата ма?

¿Estás seguro que quieres abandonar la página?

Al abandonar la página perderás el progreso del juego.