Froggy Jumps Табиғат зоналарыVersión en línea Табиғат зоналары туралы қызықты сұрақтармен білімдеріңізді тексеріңіз! por Кульдана Елибаева 1 Табиғат зоналарының атауы .....................................сәйкес келеді. a географиялық орнымен b топырақ жамылғысымен c өсімдік жамылғысымен 2 Тек бір географиялық белдеу шегінде таралатын табиғат зонасы: a дала b арктикалық шөл c шөл 3 Тундра зонасының негізгі ерекшелігі қандай? a Топырақтың құнарлылығы b Суық климат c Ыстық климат 4 Орман зонасында қандай өсімдіктер көп кездеседі? a Шөптер b Кактус c Ағаштар 5 Шөл зонасының басты ерекшелігі неде? a Су тапшылығы b Су молшылығы c Топырақтың ылғалдылығы 6 Табиғат зоналарының климаттық факторлары a Температура мен жауын-шашын b Жел мен қысым c Топырақ түрлері 7 Ауа температурасы тұрақты төмен, жауын шашын өте аз түсетін табиғат зонасы. a экваторлық ормандар b арктикалық\ антарктикалық мұзды шөл c шөлейт және шөлдер 8 Климаты өте қатал, күшті желдер жиі соғатын, қар жамылғысы жеті тоғыз ай бойы жататын табиғат зонасы- a тайга зонасы b орман зонасы c тундра зонасы 9 Солтүстік жартышарда кездесетін табиғат зоналары: a тайга, аралас орман, жалпақ жапырақты орман b арктикалық және антарктикалық c дала және шөлейт зоналары 10 Шырша, қарағай, балқарағай, майқарағай, самырсын қай зонаның өсімдіктері? a тайга зонасы b тундра зонасы c дала зонасы 11 Солтүстік Америкадағы Сеңгір таулардың шығыс етегін бойлай орналасқан орманды дала зонасы, кейде оны дала зонасына да жатқызады: a прерий b саванна c пампа 12 Оңтүстік Америкадағы жанартаулық жыныстар кең таралған Ла Плата ойпатындағы субтропиктік дала зонасы қалай аталады? a пампа b прерий c кампос 13 Бұл зонаны түгелімен дерлік шөптесін өсімдіктер алып жатыр. a дала зонасы b тундра зонасы c тайга зонасы 14 Сазды шөлдер: a тақырлар b хамадалар c эргтер 15 Тасты шөлдер a хамадалар b эргтер c тақырлар 16 Шөлдердегі жерасты суы деңгейі жақын жатқан жерлер мен ірі өзен аңғарлары a шұраттар b қыраттар c аңғарлар 17 Саванна зонасының ең басты белгісі a ылғалды және құрғақ кезеңдердің айқын ажыратылуы b құрғақ кезеңдердің ұзақ сақталуы c ылғалды кезеңдердің ұзақ сақталуы 18 Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік ормандарды А.Гумбольд қалай атаған? a гилея b кампос c пампа 19 Ылғалды тропиктік ормандарда топырақ жақсы жетілген, басым түрде таралған топырақ түрі: a қызыл сары топырақ b қызыл топырақ c күлгін топырақ 20 Биіктік белдеулік: a табиғат жағдайының биіктікке қарай өзгеруі. b табиғаттың өзгеру заңдылығы c табиғаттың жазықтарға қарай өзгеруі 21 Ежелгі қалалардың көбі ..........орналасқан. a шұраттарда b жазықтарда c қыраттарда 22 Биосфера қандай қабық? a тіршілік қабығы b су қабығы c ауа қабығы 23 Бұл зонаға өте бітік әрі биік өсетін шөптесін өсімдіктер, топ болып өсетін ағаштар мен өзен бойындағы тоғайлар тән: a саванна b шөл c тундра